Размер шрифта:

«Адам – табиғаттың баласы» атты сынып сағаттары

Дата: 2020-10-09 08:28:26

14.09.2020 ж Табиғат пен адам өмірінің байланысы. «Адам – табиғаттың  баласы» атты тақырыпта 9 сынып оқушыларымен ZOOM желісі арқылы  сынып сағаты өтті. Мақсаты:   Оқушыларды табиғи ортаға деген сүйіспеншілік қалыптастырып, оны  қорғауға деген жауапгершілігін арттыру. Сынып сағатында оқушыларға бейнеролик көрсетілді. Оқушылар тақырып аясында өз пікірлерін білдіріп, өлеңдер оқыды.

30.09.2020 жкүні 5 «Б», 8 «А», 9 сыныптар арасында ZOOM желісі арқылы сынып сағаттары өткізілді. Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы - денсаулықты сақтаудың басты жолдары - зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру керек екендігі түсіндірілді.

05.10.2020 ж  4 «Б» сыныбында «Табиғатты сақтау- өмірімізді сақтау» атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді. Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану туралы  мәліметтер айтылды, презентация, бейнероликтер көрсетілді. "Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі" деп сынып сағатын қорытындылады.