ЖББ №25 орта мектебінің «Мектепке жол» ақциясы бойынша мәлімет

Дата: 2020-10-01 14:12:29
ЖББ №25 орта мектебінің   «Мектепке  жол» ақциясы бойынша  мәлімет

 «Мектепке  жол» ақциясы бойынша  аз қамтылған және көп балалы отбасыларының ата-аналарынан 9 өтініш түсті. Оқушысы-17.

 Қоңырат руднигінің директорының м.а Тоғжанов Марат Ондирисовичке, «Сарықазына»АҚ  директоры СеменченкоП.Т, «Алтын Арна» ЖШС-ің директоры Муслимов Ахат Кадировичке  аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына көмек берулерін сұрап, хат жазылды.

  Осы хатқа дабыл қағып, көмек көрсеткен кәсіпорын басшылары мен жеке кәсіпкерлерге алғысымыз шексіз. Қазіргі індетке қарамай өз қолұштарын созып, көмектерін берді.Олар: Қоңырат руднигінің директорының м.а Тоғжанов Марат Ондирисович, «Сарықазына»АҚ  директоры СеменченкоП.Т, «Алтын Арна» ЖШС-ің директоры Муслимов Ахат Кадирович. Қаламыздағы «Горкомхоз» мекемесі. Аз қамтылған отбасы балаларына қаржы бөліп, киім-кешек, оқу- құрал сатып берді.

  Қазіргі уақытта  өтініш жазған отбасы  балаларына  көмек күтілуде.Жылда осы мекеме басшылары әлеуметті жағдайы төмен отбасы балаларына қолұшын беріп көмектеседі.

 

Орындаған мектептің әлеуметтік  педагогы Касатова Б.Т