ЖББ №25 ОРТА МЕКТЕБІ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ЖАДНАМА.
Дата: 2020-05-29 13:18:13
ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУ – БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӨЛІМІНІҢ БАСТЫ СЕБЕПТЕРІНІҢ БІРІ
Бала ашық терезенің алдында әлсіз және оның себебі табиғи қызығушылық.
Өкінішке орай, біз соңғы уақытта балалармен байланысты жазатайым оқиғалар кезегінің куәгері боламыз. Бірнеше секундқа болсын үлкендердің қарауынсыз қалған кішкентай бала терезеден құлап, өмірін қиюы мүмкін. Оған себеп – үлкендердің балаларды назардан тыс қалдыруы!
Терезеден құлауға байланысты жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында ТЖ департаменті міндетті түрде ескертеді:
1. Көп жағдайда балалардың қараусыз қалуына байланысты құлау жағдайлары орын алады. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз.
2. Барлық жиһаздарды балалардың терезеге міне алмайтындай алшақ қойыңыз.
3. Шыбын-шіркейден қорғайтын тор перделеріне сенбеу керек. Ол балаларды қорғап қалуға арналмаған. Керісінше, шыбын-шіркейден қорғайтын тор перделерін қайғылы оқиға әкелуге септігін тигізеді, себебі бала терезеге сүйеніп, қауіпсіздіктемін деп санайды. Көбіне балалар осы тор перделерімен бірге құлайды.
4. Терезеге арнайы бекіткіш орнатыңыз, ол балаға терезені тек бірнеше сантиметрге ашуға мүмкіндік береді.
5. Егер балаға терезеден бірдеңе көрсетемін десеңіз – терезені дұрыстап бекітіңіз, баланың кенет қимылдауына дайын болыңыз, алақаныңызды құрғақ ұстаңыз, баланы киімінен ұстамаңыз.
6. Егер сіздің бекіткіш және сақтағыш жабдықты дәл қазір орнатуға жағдайыңыз болмаса, терезенің тұтқасын уақытша алып тастауыңызға болады.