Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектеп бойынша қашықтықтан оқыту кезіндегі құқықбұзушылықтың алдын -алу туралы жүргізілген жұмыстарға ақпарат
Дата: 2020-05-29 09:35:09
Мектебімізде қашықтықтан оқыту кезінде төтенше жағдайға байланысты оқушылармен және ата-аналармен сынып жетекшілері арқылы ақпараттар беріліп, «Карантиндік іс-шараларды күшейту туралы жадынама» ата- аналар топтарына, оқушыларға жіберілді,таныстырылды. Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасарлары- Жолдасбекова Маржан Мағазқызы, Мұсаханова Дидар Жанатовна сынып жетекшілерге оқушылардың карантин кезіндегі көшеде,қоғамдық орындарда заңды өкілінсіз жүруге қатаң түрде тыйым салынатыны жайлы ақпараттарды да ата –аналар топтарына жіберілуді ескертті. «Мектепішілік есепте тұрған», «Жағдайсыз отбасы» балаларымен әлеуметтік педагог, мектеп психологы сынып жетекшілері арқылы ақпараттар алынды.
«Мен ата-анаммен үйдемін», «Менің бос уақытым», «Біз біргеміз!» айдарындағы акцияларға да осы отбасы балалары қатыстырылды. Сынып жетекшілері Zoom,Whatsapp желілері арқылы оқушылармен байланыста болып тұрады. Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілермен бірлесе отырып, карантин кезіндегі оқушылардың көшеде жүрмеуін бақылау мақсатында , рейд өтті. Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары Жолдасбекова Маржан Мағазқызы-рейдтік іс –шараларды ұйымдастырды.
Рейд барысында көшеде жүрген оқушылар байқалған жоқ.Сынып жетекшілер балаларының кешкі уақытта үйде ата-анасымен бірге отыруын қадағалап, ата –аналарымен кері байланыста болып отырды.Рейд жұмыстары жүргізіліп келеді.
Сынып жетекшілер балаларының кешкі уақытта бос жүрмеуін бақылауда ұстауда. Мектеп оқушылары тарапынан карантин кезіндегі тәртіпбұзушылық болған жоқ.Карантин кезіндегі сақтық нормалары өз күшінде.
Карантиндік іс-шараларды күшейту туралы қашықтықтан жүргізілген іс-шаралар
«Мен үйдемін», «Менің бос уақытым!», «Біз біргеміз!» акциясынан
Кешкі уақыттағы рейд