Қамқоршылық кеңесімен қабылданған шешім туралы Ақпарат

Дата: 2020-04-22 12:01:59

2020 жылдың 02 сауиринде  «Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ-де кезекті қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

         Қамқоршылық кеңесінің отырысына қатысқан: қамқоршылар кеңесінің төрайымы, 4 кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі – 2, себепсіз қатыспағандар – 0.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. 2019-2020 оқу жылының 06.04.2020 жылы 4 тоқсанның қашықтықтан оқытылуына байланысты 1-11 сынып оқушыларының  атаулы әлеуметтік көмек алатын ,  аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларының үйлеріне интернет желісін қосу туралы, компьютер бөлу туралы.

 

         Шешім:1.Мектеп балансынан компьютер алуға өтініш берген 9     отбасының  22 баласына ата-аналарының материалдық жауапкершілігімен компьютер берілсін. Жауапты директордың ШЖ орынбасары Касатова К.Ж., директордың АЖ жөнінен орынбасары Имашова М.Б.

2. Интернет желісін тартуға өтініш берген келесі оқушыларға жалпыға бірдей білім беру қорынан қаражат бөлінсін: 6-сынып оқушысы Асқатұлы Жарас және 7-сынып оқушысы Асқатұлы Алмас, 5-ші және 3-сынып оқушылары Айтқазы Нариман ,Айтқазы Шырай,1,3,4-ші сынып оқушылары,Жантұлақ Ерасыл,Жантұлақ Арслан,Жантұлақ Арыстан,1,4,7,8-ші сынып оқушылары  Тұрлыбекова Айсұлу,Тұрлыбеков Ахмет,Төлеухазыева Аяжан,Тұрлыбеков  Тимур, 3,4,6,9 сынып оқушылары Шалдыбек Жанель, Шаймұрат Жанбол, Сәкенұлы Ерлан, Сәкенұлы Еркебұлан.

3.Жалпы білім беру қорынан бөлінген ақша қамқоршылық кеңесінің мүшесі  Д.С Дюсенбаеваның  есепшотына аударылсын. Аударылған ақша интернет желісін тартқан мекеменің  кассасына барып төленіп, төленгені туралы чек мектептің әлеуметтік педагогтарына өткізілсін. Мерзімі:15.04.2020 жылы Жауапты:директордың ТЖ орынбасары М.М.Жолдасбекова

Қамқоршылық кеңес мүшесінің хатшысы             М.М. Жолдасбекова