Мектеп директорының ата-аналарға үндеуі

Дата: 2020-03-30 11:28:58

Құрметті ата-аналар!

    Еліміздегі ТЖ байланысты оқушылардың  көктемгі демалысы 21 күнге созылды.  Балаларымыз демалыс күндерін жақсы өткізіп жатқан болар. 06 сәуірден бастап 4-тоқсан басталады. Еліміздегі ТЖ режимі аяқталғанша балалар қашықтықтан оқиды. Сондықтан ауылға немесе басқа қалаларға кеткен оқушылар болса 05-сәуірге дейін үйлеріне қайтару керек.Күнделікті баланың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауына қатаң мониторинг жүргізіліп отырады. 03-сәуірде сіздерге жаңадан құрылған сабақ кестесі  беріледі. Сабақтарды балалар  «Балапан» телеарнасынан  оқи алады және өзіміз Daryn.online ,  Bilim Land  платформалары арқылы оқыту жүргіземіз. Әр пән мұғалімі  оқушыларға сабақтың өту барысы бойынша  бағыттық қағаз (маршрутный лист) жіберіп отырады. Ол нұсқаулықта сабақтың тақырыбы, мақсаты, мұғалімнің түсіндірмесі,  ресурстарға сілтемелер, тапсырмалар  беріледі. Bilimal,WhatsApp, Insatgram ,Telegram  арқылы  кері байланыс  жасап  отыра аласыздар. Құрметті ата-аналар, әрине сіздерде қашықтықтан оқыту бойынша  алаңдаушылық болуы заңды , біз бірінші рет  бұндай жүйеге көшкелі отырмыз. Алайда мұғалім, ата-ана және бала  ішкі қорқыныш пен сенімсіздіктен арылайық, бір-бірімізге қолдау көрсетейік. Білім және ғылым министрлігі, қала әкімдігі, қалалық білім бөлімі қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктер жасауда. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге кез келген уақытта, кез келген сұрақпен шығуларыңызға болады. Бізбен үнемі байланыста болыңыздар -мектеп сіздер үшін жұмыс істейді!Біз сіздермен біргеміз!

 

 

                            Құрметпен мектеп директоры Санура Камзақызы.

 

Байланыс телефондары: 64420,64432,87023443013