1 «А» сыныбында математика пәнінен «Санның жартысы» тақырыбында ашық сабақ өтті...

Дата: 2018-12-13 15:58:16
1 «А» сыныбында математика пәнінен «Санның жартысы» тақырыбында ашық сабақ өтті...

12 желтоқсан күні бастауыш сыныптар апталығы аясында Алдакиярова Айдана Айбатырқызы 1«А» сыныбында математика пәнінен «Санның жартысы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: сандарды жұп болып келген заттардың жартысын табуды үйрету. Тең бөлу дағдысын қалыптастыру. 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санау; тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табу.

Сабақ барысында әртүрлі әдістемелер қолданылды. Оқушылар санның жартысын табуды меңгеріп, тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылады. 2, 4, 6, 8, 10 сандарының орналасу ретіне байланысты жартысын табуды меңгеріп, нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алды. Жұппен, жекелей, топпен жұмыс түрлері жасалып, баспалдақ, бағдаршам, бармақпен бағалау түрлері тиімді пайдаланылды.