Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты аудио-видео жазбаның тұсау кесері

Дата: 2020-02-27 14:41:55
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты аудио-видео жазбаның тұсау кесері

25 ақпан күні қала мектептерінің кітапханашылары арасында №9 орта мектебінде  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты аудио-видео жазбаның тұсау кесері өткізілді.

Мақсаты :Абайдың қара сөздерін жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөз ретінде бағалауға болады.  

   Әрбір мектепке берілген 4 қара сөзден  видеоны тақырып желісі бойынша  жасалынды. Бұл үлкен шараға  біздің мектеп оқушылары да белсене қатысып, 7 «Ә» сынып оқушысы А.Искакова Абайдың 1 қара сөзін  ,  7 «А» сынып оқушысы А.Жұматай Абайдың 7 қара сөзін оқыды. 9 «А» сынып оқушысы Ә.Жақсыбекова мен 8 «А» сынып оқушысы Ж.Ерболқызы «Көзімнің қарасы» әнінен шашу шашты. Әрбір мектеп кітапханашыларына  45 қара сөздің толық жасалынып, жазылған аудио-видео жазбасын қалалық білім бөлімі әдіскері Р.Бакаева табыстады.  

Автор: №5 ОМ