«Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі» тақырыбында ұйымдастырылған қыздар жиналысының ақпары

Дата: 2020-02-24 09:53:00
«Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі» тақырыбында ұйымдастырылған қыздар жиналысының ақпары

Мақсаты: қыздарды  ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету; өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру; қызарды  инабатты қыз болып өсуге баулу.

2020 жылдың 28 қаңтар күні 7-11 сынып қыздарына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К.Шакижанова ашып, қыз тәрбиесі туралы кеңінен баяндады. Әлеуметтік педагог А.С.Касенова «Қыз бала қоғамдық орында өзін –өзі қалай ұстау керек?» тақырыбында, қыз балаларға тәрбиесі, өзін –өзі ұстауы және қыз баланың қылығы жайлы әңгіме жүргізіліп, қыз балалар өз ойларын айтып атсалысты және мектеп медбибісі қыз баланың жеке гигиенасы жөнінде шаш күтімі, жеке гигиена күтімі туралы әңгімеледі.

 Мектеп медбикесі  С.С.Жазибекова «Қыз балалардың жеке гигиенасы» тақырыбында дәріс өткізді. ЮПТ УПИ полиция капитаны А.Е.Тыркесбаева  қыздар арасындағы қылмыстар туралы баяндап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Автор: №5 ОМ