«Алаштың арысы,қазақтың намысы»: танымдық сағат

Дата: 2020-01-20 13:16:13
«Алаштың арысы,қазақтың намысы»: танымдық сағат

    20 қаңтарда  ЖББ №5 орта мектебінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері жерлесіміз Нығмет Нұрмақовтың  125 жылдығына арналған 7 «Ә» сынып оқушыларымен «Алаштың арысы, қазақтың намысы» атты танымдық сағат өткізілді. Сынып жетекшілері,  тарих пәнінің мұғалімі Т.Мақыш  қазақтың белгілі мемлекет және қоғам қайраткерінің ерен еңбегі туралы айтып ,слайд көрсетілді. Нығмет Нұрмақов жайлы Е.Жанайдар, М.Далабаева ,Д.Манат т.б. сияқты  оқушыларымыз өз ойларымен бөлісті. Нығмет Нұрмақов берік қалыптасқан интернационалист болды. Ол туған республика жетістіктерін бүкіл совет елінің табыстарымен тығыз байланыста қарады. Оның Одақтық үкімет алдына қойған бірқатар маңызды ұсыныстары терең дәйектілігімен назар аударды. Мәселен, астықты аудандардың бірі ретінде Қазақстанның ролін арттырудың қажеттігін мәселе етіп қойды. Партиялық және мемлекеттік жұмыстың қай саласында жүрсе де барлық күш-жігерін, ұйымдастырушылық дарыны мен білімін жаңа құрылыс ісіне аянбай жұмсады. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы үшін күресті. Өктем саясатқа барынша табандылық танытып, қарсы тұрғаны үшін жазаланса да, шындықты дәлелдеп, елдің азаттығы жолында еңбек етті.

Автор: №5 ОМ