«Поэзия- падишасы»

Дата: 2019-12-24 16:34:25
 «Поэзия- падишасы»
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы , «READING TIME»  акциясы  аясында көрнекті ақын және қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық Жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай  «Поэзия- падишасы» атты оқырмандар  конференциясы өтті. 
Мақсаты:  Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын таныту, мол мұрасын насихаттау, оның жырлары арқылы өскелең ұрпақтың поэзияға деген құштарлығын арттыру. Ақын шығармаларын талдай отырып, оқырмандардың қоғамға деген көзқарасын айқындау, бағыт - бағдар беру, кітап  оқуға деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.
  Оқырмандар конференциясына №5 орта мектебі, №3 мектеп- интернаты, 24 орта мектебінің   7-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараны жүргізген 7А сынып оқушылары: Мұрат Сұлтан , Айтпай Аружан.
  Сахна  шымылдығын Фариза ақынның әке-шешесінің рөлдерін сомдаған  9 сынып оқушылары  Сәменбетұлы Дәурен мен Төлеуан Аружанның сахналық көрінісімен  басталды. Русланқызы Баянның «Абайға арнау»  шығармасын мәнерлеп оқуымен  жалғасты. 
 
   Қатысушылар  берілген тақырыптар бойынша  пікірталасқа қатысып,  өз көзқарастарын білдіріп, ақынның өмір жолына, азаматтық ұстанымы мен қоғамдық қызметіне, қазақ поэзиясына қосқан үлесіне, Әйел-Ана, туған жер, Отан тақырыптарына арналған шығармаларына  тоқталып, қысқаша талдау жасады. Арасында ақынның өмір жолы мен  шығармашылығы туралы  презентациялар, ақынға арналған әндерден бейнероликтер көрсетілді.  
"Өлең, мен сені аялап өтем..." бөлімінде,  Қымран Фариза, Жұматай Адамбек, Кенесбай Ақбота,  Азаматқызы Шырын, Жумагулова Дильназ, Серикбаева Ғани, Зәрубек Жанерке, Закиржан Бірлік, Қайыпқан Аружан   сияқты оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Іс- шараның соңында 10 сынып оқушысы Ерболқызы Жұлдыз ақынның  «Жетімнің монологы» шығармасын жатқа оқып, көрермендердің ықыласына бөленді. Соңынан барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.  Қорытынды сөзді білім бөлімінің әдіскері Р. Жанатовна қатысушыларға алғысын білдіріп, жүрекжарды тілектерін арнады.
Автор: №5 ОМ