Размер шрифта:

«Қамқоршылар күні» атты іс –шараның ақпары

Дата: 2019-11-04 13:03:24
«Қамқоршылар күні» атты іс –шараның ақпары

Республика көлемінде өтіп жатқан «Қамқоршылар күні» 2019 жылдың              24 қазаны мен 25 қазаны аралығында мектебімізде ұйымдастырылды. 

Мақсаты:баланы өз отбасына тәрбиелеуге арналған отбасыларына қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құттықтау, құрметтеу, жетім                            және қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғау.                                                                             Қамқоршы - түрлі себептермен ата - ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге алып, өздеріне үлкен жауапкершілікті артып жүрген адамдар. Бұл мереке соларға арналған мереке, оларға ризашылық білдіру, оларды қолдау мақсатында аталып өтелмек.

Қайрымдылық түбі–береке. Сондықтан да қамқоршыларымызды  қолдау ретінде мектебімізде 2019 жылдың 24 қазаны күні бастауыш сынып мұғалімдері «Мейірімі мол – Жандар» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізіп, қамқоршы сөзінің мән мағнасын түсіндіріп, қамқоршылар туралы мағлұмат берді.                                2019 жылдың 25 қазаны күні дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Жақсыбекова бастауыш сыныптарға, Ағылшын Б.Ж. жоғарғы сыныптарға «Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз» тақырыбында жаттығу жасатып, жарыс өткізді. Ата –анасының қамқорлығынсыз қалған 5 оқушымен әлеуметтік педагог Касенова А.С. «Біз бақытты баламыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Осы оқушыларды қамқорлыққа алған ата –аналармыз алғыс хатпен маратталды.

Автор: №5 ОМ