Размер шрифта:

2019-2020 дарынды балалармен жүргізілген жұмыс ақпары

Дата: 2019-10-01 08:24:49
2019-2020 дарынды балалармен жүргізілген  жұмыс ақпары

  Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақтыдамыту бүгінгі күннің талабы.

   Жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстардың жоспары құрылды.ОҒҚ «Эврика» жаңа мүшелері таңдалды.Дарынды балалар базасы жаңартылды және толықтырылды.

  «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми –практикалық орталығы 2019 жылдың   10 қыркүйекте № 1-18/ 320 хатына сәйкес Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі Балқаш  қаласы 17 қыркүйекте № 9 орта мектеп базасында өткізілді. Бұл олимпиадаға  11 сынып оқушысы Сағынышқызы Гүлім химия пәнінен, Мақажан Гүлсая Амантайқызы математика пәнінен, Жадильбек Арслан физика пәнінен қатысты. 2019-2020 оқу жылындағы «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының зерттеу жұмыстарының байқауының облыстық кезеңіне 9-11 сынып аралығында 11 жұмыс жіберілді. «Алтын адам-тәуелсіз  Қазақстанның символы» атты байқауы бірінші  мектепшілік кезеңі болды. Осы мектепшілік кезеңінен 5 оқушының жұмысы іріктелді. 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсына бастауыш сыныптардан 7 ғылыми жоба жіберілді.

Автор: №5 ОМ