Размер шрифта:

Түнгі рейд

Дата: 2019-09-27 11:22:55
Түнгі рейд

       Қаламызда  құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында   2019 жылдың 23 – 24 қыркүйек күндері кешкі сағат 23.00-24.00 аралығында мектеп әкімшілігі түнгі рейд жүргізді. Түнгі рейдтік іс –шарада қала көшелері, сая жай және 1, 2, 3, 17, 21 мөлтек аудандары, қала орталығы бойынша ойын сауық, кафе, дүкендерге  және бос жүрген жасөспірімдерге бақылау жүргізілді. Кәмелетке толмағандарға түнде қала кезіп,ойын –сауық орталықтарына кіруге болмайтыны жайлы және студент жастарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы ақыл –кеңестер айтылды.

Автор: №5 ОМ