«Ел таңдаған Елбасы»
Дата: 2018-12-19 12:05:39
Желтоқсан айының 12 – ші жұлдызында мектебімізде «Ел таңдаған Елбасы» атты салтанатты сап жиын өтті. Мектеп әкімшілігінен мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна , тәрбие ісі –жөніндегі орынбасы Шакижанова Алма Коныспаевна және оқу-ісі жөніндегі орынбасары Сауле Азихановна қатысты. Сап жиынның жүргізушілік міндеті Русланқызы Баян мен Тлеуғабыл Айнараға жүктелді. Сап жиынды «Наз би» тобы «Қазақ биімен» ашып берді және оданда басқа түрлі әндер шырқалып ,мың бұралған бишілер де өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар тәуелсіздік 27 –жылдығына орай ұйымдастырылған «Жас Ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімедр ұйымына» қабылдау сәті салтанатты түрде өтті.
