«Дарынды ұрпақ-ел болашағы» онкүндігі
Қараша айынның 09 мен 20-сы аралығында «Дарынды ұрпақ-ел болашағы» атты дарындылар онкүндігі болып өтті. Онкүндіктің жоспары құрылып мектеп директорымен бекітілді.
«Дарынды ұрпақ-ел болашағы»онкүндігінің мақсаты: оқушыларды даралау, ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға дайындау, ізденімпаздыққа үйрету, оқушылардың ой-өрісін тереңдете отырып, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу.
Жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді. 09 қараша күні «Дарынды ұрпақ-ел болашағы»атты дарындылар онкүндігісалтанатты саптық жиынмен ашылды. Саптық жиында мектептің ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Торебекова С.С. жоспармен таныстырды
Елбасымыз жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты. Мектебімізде «Туған өлке» аясында 10-11 сыныптар мектепішілік жоба қорғады. 11 сынып оқушылары жоба жазудың тиімді жолдары бойынша 10-сынып оқушыларына үгіт насихат жүргізді. Ғылыми жетекшісі Жұмабекова Бақыт10-11 сынып оқушылары ғылыми жоба қорғап өз білімдерін ортаға салды. Сағынышқызы Гүлім мен Қуанышева Аяжан «Шығыстың қос жұлдызы», Рахимов Айбын мен Әділетұлы Нұрсұлтан «Су тіршілік көзі», Серикова Ақнұр мен Жаксылыкова Айнұр «Балқаш қаласы атауының пайда болуын», Мақажан Гүлсая мен Қуатбекова Балым «Қазақстан экономикасы», 11 сынып оқушылары «Жер сілкіністері», Толеуханов Арман «Бектауата» тақырыптарында жобалар қорғады. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды.
Ағылшын пән мұғалімдері Смағұл Айнұр Асылжанқызы мен Жаксыбекова Асем Сабитовна «Finest Hour» атты сайыс жүргізді. Сайыстың мақсатыоқушыларды ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту. Сабақ барысында алған білімдерін көрсету.
4 сынып оқушылары ізденіс жұмыстарымен айналысып жобалар қорғады. Қожахметова Арайлым мен Тлеуғабыл Диляра өз жобаларын қорғап сыныптастары мен бастауыш сынып оқушыларына өз ізденіс жұмыстарын көрсете білді. Қожахметова Арайлым «Мен-зерттеушімін» Кіші Ғылым Академиясы ұйымдастырған жобаға қатысып мадақтамамен марапатталды. Қожахметова Диляра «Түйе жүнінің пайдасы және оның өнімдері» тақырыбында жобасын қорғаса, Тлеуғабыл Диляра «Заманауи бренд-құрт» тақырыбында жоба қорғады. Жетекшісі Сопыханова Гульнара Тиыштыкбаевна жетекшілік етіп өз оқушыларына қолдау көрсетіп отырды.
15 қараша күні 3 «А», «Ә», «Б»сыныптарының арасында «Дарабоз» интеллектуалды сайысы өтті. Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Сайыскелер 3- топқа бөлінді.
1 «Жігер» тобы – (Ярослав, Ақниет, Еңілік, Медина, Мейрамбек)
2 «Болашақ» тобы- (Аяулым, Арина, Нұрбек, Әдемі, Ақниет)
3 «Білім» тобы – ( Айым, Алан, Жасұлан, Алина, Айдана). Интеллектуалды ойын 6 бөлімнен тұрды:
1.“Қас – қағым сәтте”
2.“Тұлғаны тани біл”
3.“Сандар сыры ”
4.“ Мақал - сөздің мәйегі ”
5.“Көкпар”
6.«Ойлы болсаң, озып көр!»
Оқушылар сайыста белсенділіктерін танытты.Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынды 3 «Б» сыныбының «Болашақ» тобы иеленді.2- орынды 3 «А» сыныбының «Жігер» тобы және 3 «Ә» сыныбының «Білім» тобы марапатталды.
1-2 сыныптар арасында «Шебер қолдар» көрмесі өтті. Көрмеге оқушылар белсене қатысып, өз жұмыстарын қорғады.
«Шебер қолдар» атты көрмеде «Көрермен көзайымы» номинациясымен Қабылхан Диас, Тлеутай Ниет, ІІІ орын Өнербек Жантөре, Калашбаева Макка, Советов Елжас, Чекушкина Мадина, ІІ орын Алдаберлі Әділжан, Шакижанова Адила, Қожахметова Айару, Байзақ Назар, І орын Алимов Әділет, Медетұлы Әлішер, Ернурова Айша, Ерғали Бағжан дипломдармен марапатталды.
«Дарынды ұрпақ-ел болашағы» онкүндігінің жабылу салтанатында оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.