«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауы

Дата: 2018-10-14 23:07:34
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауы

«Балқаш қаласы  жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  атты  мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  кезекті  Қазақстан халқына Жолдауына

  ПІКІР

         Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  кезекті  Қазақстан халқына Жолдауын  биыл ертерек жариялады.  Жолдау  еліміздің осы уақытқа дейінгі жеткен  жетіктіктерін  тізбектеумен басталып, одан әрі  әлеуметтік- экономикалық дамуының  өзекті мәселелеріне және  қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттерімен жалғасты.  Нақтырақ айтсақ, Елбасы ең төменгі жалақының мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Бұл арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өседі.  Бұл – өте қажетті қолдау.Мектеп мұғалімдері де еңбекақыны көтеру туралы шешімді қуана  қабылдады. Бұл шара біздің  еңбегіміздің  беделін көтереді және кәсіби біліктілігін одан әрі жетілдіруге ынталандырады.
            Елбасымыз халықты өз елімізден шыққан киімді киюге шақыруы, азық-түлікті шеттен әкелуді тоқтатуы, өз өнімдерімізді кеңінен пайдалануға жол ашатынына сенімдіміз.

         Бұл жолдау  өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын ұлғайту үшін қажырлы қызмет етіп жатқан және еңбек өнімділігін ұлғайтуға әзір жергілікті өнім өндірушілерге қанат бітіреді.

        Спорттық  ғимараттарға оқушылардың тегін кіруге мүмкіндік  алуы олардың денсаулықтарын шыңдай отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттырады.

Қорыта келе,  Жолдау  халқымыздың  әл-ауқатын одан әрі  арттыру міндеттеріне  толықтай тоқталды.  Елбасымыздың   алдыға қойған  өзекті мәселелерінің  шешіліп, міндеттерінің  жүзеге асатынына  сенімдіміз.

 

Пікір жазған:  «Балқаш қаласы  жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ ұжымы

Автор: СШ №5