«Жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ-дегі «Сыңғырла ,күміс қоңырау»салтанатты жиыны және «Мен- өз елімнің патриотымын»тақырыбында өткізілген сынып сағаттары ақпары
Жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ-де қыркүйектің бірінші жұлдызында 2018-2019 оқу жылының Білім күніне арналған салтанатты жиыны өткізілді.
Жиынға Балқаш қаласы білім бөлімінің әдіскері Айнабекова Куляш Кайыркеновна және «Балқаш қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орынбасары Кондубаева Алия Бейсембековна шақырылды.Салтанатты жиынды мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна құттықтау сөз сөйлеп ашып берді. Шақырылған қонақтар мектеп оқушыларын,ұстаздарын және ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндердің тілектері тыңдалып, әндері шырқалды.11 сынып түлегі Тлеутай Айжүрек және ата-аналар атынан Әсем Бекеновна жүрек жарды тілектерін арнады.2018-2019 оқу жылының алғашқы қоңырауын 11 сынып оқушысы Серік Сауран және 1 сынып табалдырығын аттағалы отырған Шакижанова Адила соқты.Жиын соңы мерекелік концертпен аяқталды. Мектеп оқушыларынан құрылған «Наз» би тобы қазақ биін орындап шықты. 8-сынып оқушыларынан құрылған «Үгіт насихат» тобы «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында патриоттық өлең жолдарын оқушыларға насихаттады. 11- сынып оқушысы Тлеутай Айжүрек «Қазақстаным алға !!!» әнін орындады
Соңында естелік суретке түсіріліп, оқушылар «Мен - өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша Білім сабағын өткізуге сыныптарына кірді.Барлық сыныптарда сынып сағаттары,тәрбие сағаттары өткізілді.






