ЖББ №5 орта мектеп жанындағы «Күншуақ» демалыс орталығы

Дата: 2018-06-04 13:28:45
ЖББ №5 орта мектеп жанындағы «Күншуақ» демалыс орталығы

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ жанынан «Күншуақ» жазғы сауықтыру орталығы 2018 жылғы 1 маусымнан –аралығында болады, дайындық және  1-5 сыныптың оқушылары қамтылады.

І ауысым: 01.06.18 – 12.06.18. Бала саны: 60 оқушы

ІІ ауысым: 14.06.18– 25.06.18. Бала саны: 40 оқушы

ІІІ ауысым: 26.06.18 – 06.07.18. Бала саны: 20 оқушы

Бүгінгі таңда «Жалпыға бірдей білім беру қорынан» тегін 4 оқушы,  40 оқушы тізімі нақтыланды. Әр кезеңнің тәрбиешілері бекітіліп, бұйрық шығарылды. Лагердің ұйымдастыру іс-шарасының жоспары құрылып, әр сыныптан демалушылардың тізімі жиналып, лагерге керекті заттар тізімі оқушыларға таратылды.

Маусым айының 1-і күні «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінде 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік концерт өткізілді.  Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шакижанова Алма Коныспаевна балаларды мерекелерімен құттықтап өзінің тілегін білдірді. Сонымен қатар, балаларды мерекемен құттықтауға әр түрлі кейіпкерлер де қонаққа келді. Әсем әуен ырғағында флеш-моб биленіп, Тимафейов Альазиз атты оқушы «Отаным Қазақстан» әнін орындады. Мерекелік кеш өте көңілді әрі жақсы деңгейде өткізілді. Балалар мерекелік іс-шарадан кейін, қалалық концерттік бағдарламаны тамашалауға, сонымен қатар, «Микки хаус» ойын орталығына серуендеп қайтты.

Автор: СШ №5