ЖББ №5 орта мектеп жанындағы «Күншуақ» демалыс орталығының 01.06.2018 жылы өткізілген іс-шаралар ақпары

Дата: 2018-06-04 12:39:41
ЖББ №5 орта мектеп жанындағы «Күншуақ» демалыс орталығының  01.06.2018 жылы өткізілген іс-шаралар ақпары

         Маусым айының 1-і күні «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінде 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік концерт өткізілді.  Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шакижанова Алма Коныспаевна балаларды мерекелерімен құттықтап өзінің тілегін білдірді. Сонымен қатар, балаларды мерекемен құттықтауға әр түрлі кейіпкерлер де қонаққа келді. Әсем әуен ырғағында флеш-моб биленіп, Тимафейов Альазиз атты оқушы «Отаным Қазақстан» әнін орындады. Мерекелік кеш өте көңілді әрі жақсы деңгейде өткізілді. Балалар мерекелік іс-шарадан кейін, қалалық концерттік бағдарламаны тамашалауға, сонымен қатар, «Микки хаус» ойын орталығына серуендеп қайтты.

Автор: №5 ОМ