Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ Қамқоршылық кеңес жиналысы хаттамасы №3
Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ
Қамқоршылық кеңес жиналысы
хаттамасы №3
17.02.2018ж.
Жиналысқа қатысқандар
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері: 10
Күн тәртібінде:
1.Сәтсіз отбасылар, қамқорға алынған балаларға көмек көрсету жолдарын қарастыру,мұғалімдермен бірлескен жұмыс
2.«Мектеп күні -2018» мерекесін ұйымдастыру шаралары .
Тыңдалды:
1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрағасы Жайнабеков Б.И сөз алып, отырысқа қатысушыларды алдағы жоспарланған күн тәртібімен таныстырды.Отырыста мектептегі Сәтсіз отбасылар,қамқорға алынған балаларға көмек көрсету жолдарын қарастыру туралы Қамқоршылық кеңес мүшелерімен және мұғалімдермен бірлескен жұмыс туралы айтып өтті.
2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, тәрбие ісінің орынбасары А.Қ.Шакижанова сөз алды. «Қазақстанның жаңғыруы 3,0 – білімнің үлесі» тақырыбындағы мектеп күні мерекесінің екінші бөлімінің қалай ұйымдастырылып жатқанын хабарлады. Оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу, «Мәңгілік ел» идеясын орындау, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бағыттарын қолға алған бұл шараның балаларға берер тәрбиесі мол екені айтылды. Бұл шараға мектептің барлық оқушылары қамтылды. Әсіресе, дарынды оқушылар, аз қамтылған отбасы, сәтсіз отбасы оқушылары басты назарда ұсталынды. Сонымен қатар қамқоршылық кеңес мүшелерінің іс-шараға қатысуы сұралды.
Шешім:
1. Мектептегі сәтсіз отбасылар, қамқорға алынған балаларға көмек көрсетілу жұмыстары қолға алынсын.
2. «Мектеп күні -2018» іс-шарасына Қамқоршылық кеңес мүшелері қатыстырылсын.
Кеңес төрағасы: Жайнабеков Б.И