19 – шы наурыз күні мектепішілік «Қош келдің, мерекелі, берекелі Әз – Наурыз!» саптық жиынның ақпары
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында мектебімізде наурыз айының 19- ы күні дәстүрлі «Қош келдің, Әз – Наурыз!» мейрамы аталып өтті. Саптық жиынның мақсаты балаларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу болатын.
Саптық жиын 10 сынып оқушыларымен ұйымдастыруsмен музыкалық – сахналық қойылым ретінде басталып, қазақ халқының салт – дәстүрлері , мәдениеті, әндері тыңдалып көрсетілді. Музыкалық көркемдеуші Кишкендаева Манара Жантлеуқызы саптық жиында «Ауылым» әнін жанды дауыспен айтып барша жиналған қауымды таң қалдырды. Сонымен қатар мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Аханова А. Қ. Саптық жиынды мәнерлі дауыспен өткізді. 4- ші сынып оқушылары Сонымен қатар Саптық жиында мектебіміздің «Көктем» би ансамблі Наурыз биін тамашаллатты. Соңынан шашу шалып, Қыдыр бабаның бата тілегін қабылдап , барлық сыныптар сынып сағаттарын «Қош келдің, мерекелі, берекелі Әз – Наурыз » тақырыбында жалғасын тапты.