«Өмірге ИЯ деп айт!» республикалық ақпараттық науқанының қорытынды ақпары
Мектебімізде 2018 жылғы 10 ақпан – 10 наурыз аралығында «Өмірге ИЯ деп айт!» республикалық ақпараттық науқанының жоспары бекітіліп, айлық іс –шара өткізілді.
Мақсаты: Баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару болып табылады. Жоспар бойынша ата-аналармен оқушылар үшін тақырыптық стендттер рәсімделді. Онда «Сенім телефоны», ата-аналарға арналған психологиялық кеңестер берілген. Мектеп психологтары балаларға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық парақшалар таратылды.
Науқан: «Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме!» ұранымен өткізілді.
«Балаларды бірге сақтайық!», «Сенім телефоны», «Көмек қалай сұрау керек?», «Кімге жүгіну керек?» тақырыбында стенд жасалынды. «Әр бала қатыгездік және зорлық зомбылықсыз балалық шаққа құқылы», «Хабарласыңыз! Көмектесеміз», «балалық шақ қорғалуда» тақырыптарында оқушыларға ақпараттық парақшаралар таратты. Онда балаларға керекті нұсқаулықтар жазылған.
Сынып жетекшілер «Біз өмірді таңдаймыз» тақырыбында сынып сағаттарын өткізіп, баланы оның денсаулығына зиян келтіретін әлеуметтік желілердің теріс ықпалынан қорғау мәселелері бойынша әңгімеледі. Әлеуметтік желілердегі «Синий кит», «Тихий дом», тағы басқа атыс –шабыс ойындарының зияндығы жайында 5-10 сынып оқушыларына түсіндіріп, айтып өтті.
Жоспар бойынша мектептің информатика пәнінің мұғалімі Т.Д.Мұхаметжан «Әлеуметтік желілер, интернет ойындар, жат ағымдардан аулақ бол» тақырыбында оқушыларға денсаулығына зиян келтіретін ақпараттарды насихаттайтын баяндама оқыды. Онда «Қазақтелеком» АҚ –ның «ата-ана бақылауы», қызметі. Балаларыңызға арналған қауіпсіз интернет –деген сияқты тарифтік желі түрлерімен таныстырды. «Балаларды бірге сақтайық» тақырыбында ата –аналарға жадынама таратты. Жадынамада Қожа Ахмет Иассуидің сөздері «Не болса да сабыр қыл» деген сөздерін басшылыққа ала отырып, оқушыға кеңестер, өзін сүюді, қолдауды, тазалыққа жақын болуды жарнамалады.
Мектеп психологы Н.Д.Амантаева мен әлеуметтік педагог Ж.М.Төлеген 8-9 сыныптармен «Сенім телефоны. Көмек қалай сұрау керек?» тақырыбында әңгіме –сұхбат жүргізіп, бейнебаян көрсетті. «Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме» тақырыбында 1-11 сыныптарға видеоролик көрсетілді.
Мектеп психологы 6 «А», 6 «Ә», 8 «А» сынып оқушыларымен «Өмірге ия деп айт!» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: өзін - өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл - күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
