2026 жылғы 26 қазанда №2 бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті.
Дата: 2026-11-16 15:16:45
І оқу тоқсанының сараптамалық талдауы жасалып, оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасы талқыланды. Біліміндегі олқылықтарды анықтау және түзету жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді.
«Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында баяндама жасап, оқушылардың танымдық белсенділігі мен логикалық ойлауын жетілдірудің тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Отырыс қорытындысы бойынша білім сапасын арттыру, оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту және логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру бағытында тиісті шешімдер қабылданды.
Мақсатымыз – сапалы білім, саналы тәрбие және шығармашыл ұрпақ қалыптастыру!
Әдістемелік бірлестік жетекшісі Бекбенбетова Г.К.