Мектебімізде 7–11-сынып оқушыларының қатысуымен «Арудың көркі — әдебі мен тазалығында» тақырыбында тәрбиелік мәні зор қыздар жиналысы ұйымдастырылды.

Дата: 2026-10-15 15:48:36
Мектебімізде 7–11-сынып оқушыларының қатысуымен «Арудың көркі — әдебі мен тазалығында» тақырыбында тәрбиелік мәні зор қыздар жиналысы ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты — жасөспірім қыздардың бойына инабаттылық, ибалық, сыпайылық пен әдептілік қасиеттерін сіңіру, жеке бас гигиенасын сақтау мәдениетін қалыптастыру, қыз баланың өзін-өзі ұстау әдебі мен жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға бағыт беру.
Жиналысқа арнайы шақырылған мамандар қатысты:
* Галимова Аяулым Ерланқызы — дәрігер;
* Толеубекова Макпал Сергазиновна — мектеп психологы;
*Жазибекова Саягул Саменовна — мектеп медбикесі.
Кездесу барысында мамандар қыз балаларға мектептегі және қоғамдық орындардағы сөйлеу мәдениеті, киім кию эстетикасы, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, әдептілік пен инабаттылықтың маңызы туралы кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар жасөспірімдік кезеңдегі физиологиялық өзгерістер, жеке бас гигиенасын сақтау, ағза күтімі, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Жиналыс барысында қыздар арасындағы өзара сыйластық, достық қарым-қатынас, бір-біріне қолдау көрсету, психологиялық саулықты сақтау және әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану тақырыптарына да ерекше назар аударылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңестер алды.
«Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» демекші, қыз баланың бойындағы әдептілік, тазалық, көркем мінез бен мәдениеттілік — оның болашақтағы тұлғалық қалыптасуының маңызды негізі. Осындай тәрбиелік кездесулер жас ұрпақтың саналы, тәрбиелі, білімді әрі өз денсаулығына жауапты болып өсуіне ықпал етеді.
Ұйымдастырушы: «Салтанат» қыздар клубының жетекшісі Қалқаман Айзада Ерланқызы.
Автор: №5 ОМ