6А сыныбында Қыздар және Ұлдар жиналысы өткізілді.
Дата: 2026-10-13 09:48:23
6А сыныбында Қыздар және Ұлдар жиналысы өткізілді.
Жиналыс екі топқа бөлініп өткізілді.
*1. Ұлдар жиналысы:*
Тақырыбы: *”Ұл - болашақ Отан қорғаушысы”*
- Ұлдармен тәртіп, сабаққа қатысу, бір-біріне деген құрмет, бос уақытты тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
- “Жігітке жеті өнер де аз” мақалы арқылы ұл баланың білімді, еңбекқор, салмақты болуы керектігі айтылды.
- Мектеп ережесін сақтау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- Ер балалар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойды.
*2. Қыздар жиналысы:*
Тақырыбы: *”Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі”*
- Қыз баланың қоғамдағы орны, инабаттылық, әдептілік, киім мәдениеті туралы әңгіме қозғалды.
- Жеке бас гигиенасы, тазалық, денсаулықты күту мәселелері түсіндірілді.
- “Қызға қырық үйден тыйым” дегендей, қыз балаға тән жат қылықтардан аулақ болу керектігі ескертілді.
- Қыздар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
*Қорытынды:*
Жиналыс өз мақсатына жетті. Оқушылар өздеріне қажетті көптеген мағлұматтар алды. Ұлдар мен қыздар арасында сыйластық қарым-қатынасты нығайту, мектеп тәртібін сақтау туралы ортақ келісімге келді