Мектеп президентін сайлауға дайындық аясында оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дата: 2026-10-13 09:41:48
Мектеп президентін сайлауға дайындық аясында оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің № 5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектеп президентін сайлауға дайындық аясында оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға мектеп парламентінің қызметі, мектеп президентінің міндеттері және оның оқушылардың ұсыныстарын жеткізудегі рөлі түсіндірілді. Сондай-ақ үміткер болу, сайлауалды бағдарламасын дайындау, өз идеясын көпшілік алдында таныстыру және дауыс беруге саналы түрде қатысу мәселелері талқыланды.
Мектеп президенттігіне үміткерлер өз мақсаттары мен жоспарларын таныстырып, мектеп өмірін дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Оқушылар үміткерлерге сұрақтар қойып, ұсынылған бастамалар туралы пікір алмасты. Кездесуде сайлаудың ашық әрі әділ өтуі, әр оқушының таңдауына құрметпен қарау қажеттігі атап өтілді.
Түсіндіру жұмысының мақсаты — оқушылардың өзін-өзі басқаруға қатысуын кеңейту, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және мектеп өміріне жауапкершілікпен қарауға ынталандыру. Іс-шара мектеп президентін сайлау алдындағы ұйымдастыру кезеңі аясында өткізілді.
Автор: №5 ОМ