Мектеп парламентін қайта құрамыз!
Дата: 2026-09-15 11:40:24
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІН ҚАЙТА ҚҰРАМЫЗ!
«Ұланбасы – 2026» сайлауы ашық деп жарияланады!
Жаңа оқу жылында мектебіміздің Мектеп парламентін жаңартып, белсенді, жауапты және көшбасшылық қасиеті бар оқушылардан жаңа құрам жасақтаймыз.
Егер сен:
— жаңа идея ұсынғың келсе;
— мектеп өміріне белсенді араласқың келсе;
— оқушылардың үнін жеткізгің келсе;
— өз мектебіңнің дамуына үлес қосқың келсе —
бұл сайлау дәл сен үшін!
Өз таңдауыңды жаса!
Өз көшбасшыңды таңда!
Мектеп болашағын бірге құрамыз!
«Ұланбасы – 2026» — көшбасшылар додасы басталды!