Жазғы мектепте қазақ тілі пәнінен сөз таптары қайталанды
Дата: 2026-06-11 09:39:05
2026 жылғы 9 маусымда жазғы мектеп жұмысы аясында оқушылармен қазақ тілі пәнінен сөз таптарын қайталау сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушылар зат есім, сын есім, сан есім және етістік туралы алған білімдерін еске түсіріп, түрлі қызықты тапсырмалар орындады.
Оқушылар сөздерді тиісті сөз таптарына ажыратып, сөйлемдер құрастырды, мақал-мәтелдерден сөз таптарын тауып, өз білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды. Сонымен қатар сабақ барысында танымдық ойындар ұйымдастырылып, топтық жұмыстар жүргізілді. Бұл тапсырмалар оқушылардың белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын күшейтті.
Балалар барлық жұмыстарды қызығушылықпен орындап, өз білімдері мен қабілеттерін көрсете білді. Сабақ мазмұнды, көңілді әрі пайдалы өтті.