Мектеп кітапханашысы К.Махашова «Тарихи кітаптарға саяхат» тақырыбында 7 Ә сыныбының оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді.
Date: 2022-12-09 01:30:33
8 желтоқсанда Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-де, “Оқуға құштар мектеп” жобасы мен «Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығы аясында мектеп кітапханашысы К.Махашова «Тарихи кітаптарға саяхат» тақырыбында 7 Ә сыныбының оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Оқушыларға қазақтың көрнекті жазушылары І.Есенберлин , Ә.Нұрпейісов, Б.Момышұлы, Ж.Аймауытов , С.Торайғыровтың өмірі мен шығармаларына қысқаша шолу жасалып, оқушылар оқыған кітаптары туралы өз ойларымен бөлісті.