Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акті залында тілдер мерекесінің ашылу салтанаты болып өтті.
Дата: 2022-09-13 09:44:46
«Тіл-кемел болашақ тұғыры»
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акті залында тілдер мерекесінің ашылу салтанаты болып өтті. Тілдер мерекесі күніне орай «Тіл-кемел болашақ тұғыры» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Б. Адамбаева мен Ә.Шаймерден оқушыларға тілдің құдіреті туралы мағлұмат беріп, слайд көрсетілді. Мектеп кітапхана меңгерушісі К.Махашова «Тіл - достықтың дәнекері» атты атты кітап көрмесі мен буклет ұйымдастырды.
Мақсаты : 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына байланысты ақынның өмір жолы мен шығармашылығымен, қызмет жолымен таныстыру.
4 Ә сыныбының оқушылары Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын мәнерлеп оқыды.