Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ
Маусым айының 1 – 12-і күндері дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы күн ретінде халықаралық күнтізбеге тіркелген. Қазіргі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бала еңбегін қолдану дерегі көбіне адамдардың бұл мәселе жайында хабары болмауымен, ауыр еңбектің баланың дамуына тигізер зиянын білмеуімен сипатталады. Жаз болса бірден баласын жұмысқа орналастырып қоюды көздейтін әке-шешелер бар қоғамда. Осы әрекеттен ұтылып жатқан тек бала мен ата-ана. Басты мақсат бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау, балалардың тұрмыстық зорлық пен зомбылықтың құрбаны болудан, отбасы құндылықтары мен бала құқығы туралы, балаларды еңбек қанауына тартудың алдын-алу бойынша оқушылар мен ата-аналар, жұмыс берушілер арасында түсіндірме және ақпарат –насихат жұмыстарын жүргізу. Осы шараға байланысты біздің мектепте балалар күні мерекесімен тұс па тұс келіп тұрғандықтан, «Мен бақытты баламын» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Асфальтқа сурет салу, флеш моб, т.с.с басқада іс шаралар өткізіліді. Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық науқанының мақсаты таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.