Размер шрифта:

Орталықтандырылған Сәкен Сейфуллин атындағы кітапханасында өткізілген «KITAP FEST»

Дата: 2022-04-27 16:19:31
Орталықтандырылған Сәкен Сейфуллин атындағы кітапханасында өткізілген «KITAP FEST»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Орталықтандырылған Сәкен Сейфуллин атындағы кітапханасында өткізілген «KITAP FEST» -не 6-8 сынып оқушылары «Әрбір әні, бір әлем» атты бөліміне қатысты.Онда Сәкен Сейфуллин шығармаларынан үзінді оқып, «Сәкен тірі! Қазақтай ел барда...» кітап көрмесімен танысты. Шараға 8 сынып оқушылары Ш.Азаматқызы , Н.Қымыран, А.Бөгенбай, Ж.Айтбай, Д.Асқар 6 сынып оқушылары А.Әділетқызы мен Қ.Асқар белсене қатысып өз ойларын ортаға салды. Шара барысында орталық кітапхананың әрбір бөліміне саяхат жасап суретке түсті.

Автор: №5 ОМ