Қабду Мадина Айбекқызы Республикалық кеңауқымды «Қауіпсіз интернет» кампаниясы аясында “Интернет желісіндегі қауіпсіздікке төнетін негізгі қатерлер», «Интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері” атты ақпараттық сабақ өткізді.
Дата: 2022-04-15 16:18:28
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 14.04.22 күні Қабду Мадина Айбекқызы Республикалық кеңауқымды «Қауіпсіз интернет» кампаниясы аясында “Интернет желісіндегі қауіпсіздікке төнетін негізгі қатерлер», «Интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері” атты ақпараттық сабақ өткізді.
Мақсаты:
Кәмілетке толмағандардың ортасында интернет ресурстарды қолдану мәдениетін қалыптастыру жәее балалардың интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату;
Ақпараттық сабақта желіні қауіпсіз пайдалану және желіде тілдескен уақыттағы сақтық шаралары түсіндірілді. Сабаққа 110 оқушы қатысты, 4-6 сынып оқушылары.