Мектеп кітапханасында 12 сәуірде «Ғарышкерлері қазақтың» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып,оқушыларға таныстырылды.
Дата: 2022-04-13 16:11:49
Мақсаты: Оқушыларға қазақтың мәртебесін көкке көтеріп жүрген ғарышкер ағаларымыздың өмір тарихы туралы және ғарыш айлағы Байқоңыр туралы мәліметтер беру. Өз Отанын сүюге, құрметтеуге , патриоттық сезімге тәрбиелеу.
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның "Байқоңыр" айлағынан алғашқы ғарыш кемесі көкке көтерілді. Бұл – адамзат тарихындағы айтулы оқиға еді. Осылайша Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды.
Одан бергі аралықта қаншама ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов те бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, авиация генерал-майоры.
Талғат Мұсабаев – Гиннестің үздік табыстар кітабында енген қазақ ғарышкері.Қазақтың екінші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты.
Айдын Айымбетов – қазақтан шыққан үшінші ғарышкерҒарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Айдын Айымбетовке "Халық қаһарманы" атағы берілді. Бүгінгі таңда "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ-ның вице-президенті.