Размер шрифта:

Наурыз келді далама

Дата: 2022-03-16 16:22:33
Наурыз келді далама

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің  «№5 жалпы   білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп кітапханасында  16 наурыз күні  «Наурыз келді далама» тақырыбында  кітап  көрмесі ұйымдастырылып,  оқушыларға таныстырылды.

Мақсаты : «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүріне арналған кітаптармен таныстыра отырып, ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

 Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді.
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды.  Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек. Ата-бабамыздың  салт-дәстүрін дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу баршамыздың  парызымыз.

 

 
 

 

Автор: №5 ОМ