Размер шрифта:

Мамандық әлемі сыр шертеді

Дата: 2022-01-10 09:20:26
Мамандық әлемі сыр шертеді
8 "А " сыныбында "Мамандық әлемі сыр шертеді" тақырыбында ашық сынып сағаты өтті.
Мақсаты:оқушыларға болашақ мамандык және оқу бағдарын таңдауда көмектесу,мамандык әлемы және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту.Сынып окушылары жаратылыстану, гуманитарлық, шығармашылық,спорт бағыты бойынша бөлініп,топ болды.Әр оқушы өздерінің болашақ мамандықтары жөнінде қысқаша мәлімет берді.
Сынып сағатында окушылар өмірде кездесетін жағдаяттарды шешіп,өз ойларын ортаға салды."Мен таңдаған мамандық"
такырыбында эссе жазып,мамандықтар жөнінде өз ойларын қағаз бетіне түсірді."Ашық микрафон" тапсырмасында окушылар келген қонақтарға өз сұрақтарын қойды.Сынып сағаты соңында алақан бойынша мамандық саласын анықтау мақсатында "Қол мидың жалғасы" атты мини тренинг жасалды.
Автор: №5 ОМ