Размер шрифта:

«Мен таңдаған мамандық»тақырыбында «Қазақмыс»политехникалық колледж мамандарымен кездесу

Дата: 2021-11-11 09:57:37
«Мен таңдаған мамандық»тақырыбында «Қазақмыс»политехникалық  колледж мамандарымен   кездесу
03.11.2021 күні 9 «А» сынып оқушылары сынып   жетекшісі,   Ж.М. Имангалиева ұйымдастыруымен оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында  ZOOM платформасында  Мен таңдаған мамандық»тақырыбында «Қазақмыс»политехникалық  колледж мамандарымен   кездесу  өткізілді.
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 9 «А» сыныбының  сынып   жетекшісі,   Ж.М. Имангалиева ,3қараша,2021 ж  «Мен таңдаған мамандық»тақырыбында, кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өткізді. Кездесуге"Қазақмыс" корпорациясының политехникалық колледжінің арнайы пәндер мұғалімдері: Кудайбергенова Мадина Ериковна,  Балаганова Камшат Нурумхановна, Токарлық іс тобының 4 курс студенті- Тәлім Руслан, Дәнекерлеу ісі тобының -4 курс студенті-Шеш Сағыныш,Машина жасау технологиясы тобының - 4 курс студенті -  Сакенов Айбар , мектебіміздің 9 «А», 9 «Ә», 9 «Б» сынып оқушылары қатысты. 
«Қазақмыс»  колледжінің арнайы пәндер мұғалімі Кудайбергенова Мадина Ериковна колледжде  қазіргі таңда орта кәсіптік мамандық бойынша: "Пайдалы қазбаларды байыту", "Түсті металдар металлургиясы", "Машина құру технологиясы", "Автоматтандыру және басқару", "Металлургиядағы машиналар мен жабдықтар", «Металл және қоспаларды балқытушы», «Жабдықтарды күту және жөндеу слесары», «Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі»мамандықтарын дайындайтынын, 
колледжге қабылданудың жолдары, шарттары туралы қысқаша ақпарат берді.Түлектердің оқу бітіргеннен кейін бірден жұмыспен қамтылатынын, үздік, озат студенттерге шәкіртақы төленетіні, оқудың тегін екенін айтып өтті. Ары қарай ,4 курс студенттері, Токарлық іс мамандықтары мен машина жасау технологиясы мамандықтарының қыр- сырына тоқтала отырып, мамандықты дұрыс таңдауда қателік жібермеулерін, дұрыс таңдау жасай білу керектігі туралы айтылды. Соңынан оқушылар сұрақтарын қойды
Автор: №5 ОМ