Размер шрифта:

5-6 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді

Дата: 2021-10-07 13:05:29
5-6 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді

Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес  қыркүйек айында   5-6 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді.

Олимиадаға 5-6 сыныптардан 10 оқушы қатысып, өз білімдерін сынады. 4 оқушы 20 сұрақ пен есептің 70% жауап беріп жақсы нәтиже көрсетті, Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасына үш оқушыны ұсынып отырмыз. Жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларға  дипломдар мен сертификаттар табысталды.

Автор: №5 ОМ