«Кітапты бірге оқимыз!»
2021 жылдың, 18 қыркүйегінде Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының «Қайтқанда» бөлімін 9 «А» оқыды. Берілген жиырма минут ішінде, Қымран Фариза, Мұрат Сұлтан, Нұрсеитова Нұрай 7-8 беттен оқыса, қалған оқушылар 5-6 беттен оқыды. 9 «Ә»сыныбы М.Мағауиннің «Шақан-шері» романын, 6 Ә,Б сыныптарының оқушылары Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»повесін оқыса, 6 А сыныбы М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» әңгімелерін , 5 А сыныбы С.Мұратбековтың «Жабайы алма» повесін , 7 сыныптар М.Мағауиннің «Тазының өлімі»хикаятын, 8 сыныптар С,Елубаевтың «Ақ боз үй» роман-трилогиясын оқуды жалғастыруда. Осы оқуып жатқан шығармалары жайлы өз ойларымен бөлісті.
Шығарманың мазмұнын толық түсінгендерін тексеру мақсатында, кейбір тұстарын нақтылап, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін оқушылар бір- біріне сұрақтар қойып, қойған сұрақтарына жауап берді.
Бастауыш буындар оқу сағатында қызықты ертегілер оқып , оқығандары туралы сұрақтарға жауап берді.Оқушылар өздерінің оқыған «Күн,Ай және әтеш», «Үйшік» , «Қисық үйрек» , «Күл қыз» , «Жүзім жегісі келген қасқыр» ертегілерімен ой бөлісті.
«Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі маңызды болмақ. Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.Адамзат ақыл-ойының жиынтығы- кітапта болса, білім – соны сақтайтын қазыналы сандық . Сол сандықтағы байлықты қалай алуға болады? Мектеп кітапханасы көркем әдебиеттермен толығуда.Заманауи электронды көркем әдебиеттермен де оқуға болады. Кітап әлеміне баланы қалай енгізуге болады? Әрине , бұл «Оқуға құштар мектеп» жобасы арқылы жүзеге асады , деп ойлаймын