«Түнгі рейд»
Дата: 2021-09-13 11:25:07
2021 жылдың 10 қыркүйегінде қараусыз кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2021 жылдың 10 қыркүйек күні кешкі сағат 21.00 - 24.00 аралығында «Түңгі қаладағы балалар» атты іс –шара ұйымдастырылды. Іс-шараға барлығы 19 адам қатысты.
- Білім бөлімінің өкілі 1;
- мектеп әкімшілігі 15;
- полиция қызметкері 1;
- ата –ана кщмитеті 2;
- жалпы 19 адамнан тұратын ата -аналар қауымдастығы қатысты.
Акция барысында 16 рейдтік іс -шаралар өткізілді,оның ішінде:
саябақтарда - 1;
- үйлердің жертөлелерінде – 2
- теміржол мен автовокзалдарда – 2
- ойын -сауық мекемелерінде - 6
- компьютерлік салондарда – 2
- жанармай құю станциялары және көлік жуу орындарында - 2
Түнгі рейдтік іс –шарада қала көшелері, орталық саябақ, Желтоқсан көшесінің маңайы және көл жағасы, Сейфуллин, Молдагулова, Мира көшелері, ықшам аудандар, қала орталығы бойынша ойын сауық, кафе, дүкендерге және бос жүрген жасөспірімдерге бақылау жүргізілді. Рейд кезінде кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар ұсталған жоқ.