«Жердің жүзі жаңғырып, елдің жүзі жадырап...» тақырыбында К.Ш.Махашова кітап көрмесін ұйымдастырды
Дата: 2021-03-18 10:29:14
«Жердің жүзі жаңғырып, елдің жүзі жадырап...»
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектеп кітапханасында «Жердің жүзі жаңғырып, елдің жүзі жадырап...» тақырыбында К.Махашова кітап көрмесін ұйымдастырды. Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Бұл Қазақстанның ең сүйікті және ауқымды мерекелерінің бірі. Наурыз – ең әуелі –Жыл басы сонымен бірге Ұлыстардың ынтымақ күні. Бұл ұлы мерекені әлемнің көп елдері де тойлайды.
- Наурыз – табиғат таразысы теңелген дәлдік сәті яғни күн мен түн теңеледі. Көктен нұр шашып, Жер-Анаға бусанып, тамырына нәр береді. Олай болса , «Жыл басы Наурыз болғаны дұрыс» деп санайды ғылым. Кітап көрмесімен таныстыра отырып, оқушыларға наурыз туралы сұрақ қойып , салт - дәстүрді қаншалықты білетіндігін ,құрметтейтінін білдік. Оқушылардың берген жауаптары өте жақсы. Сонымен қатар кітап көрмесінен оқуға кітаптар алды.