Размер шрифта:

10.02.2021 күні Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институты мамандарымен өткізілген кездесу ақпары

Дата: 2021-02-12 14:43:16
10.02.2021 күні  Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институты мамандарымен  өткізілген кездесу  ақпары
Балқаш қаласының ТЖ басқармасымен   Zooм  платформасы  арқылы   ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты мамандары   оқушыларға мамандық таңдау жайлы ақпарат беру, өзіндік пікірін тыңдау, ойын еркін айтуға баулу мақсатында бейнеконференция   өткізді. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына түсу тақырыбына үгіт-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
Онда курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылатындығы туралы және курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етілетіндігі айтылды. Сонымен қатар    демалыс кезіндегі жол ақысы төленетіндігі, Институттың күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты əскери қызметті өтеу уақытына теңелетіндігі туралы  таныстырылды. Институттағы  көрсетілетін  қызметтер  туралы  таныстырып  өтті.
Автор: №5 ОМ