Кезекші сыныпта оқитын оқушыларды тамақтандыру үшін 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап өз жұмысын бастады
Дата: 2021-02-05 11:41:59
Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ – нің асханасы Қарағанды облыстық бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 2-Қ қаулысына сәйкес кезекші сыныпта оқитын оқушыларды тамақтандыру үшін 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап өз жұмысын бастады. Сондай-ақ мектептің 1-ші және 2-ші сыныптардың кезекші топтарда оқитын оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.Барлық санитарлық шараларды сақтай отырып, асханада оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалды. Жалпыға ортақ білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақпен қамтамасыз етілді