8 «А» сынып оқушысы Жұмағали Мерұланның отбасы мен Мұрат Сұлтан облыстық «Бір отбасы-бір кітап» жобасы аясында, ZOOM платформасында, Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасынан сахналық қойылым көрсетті
Дата: 2020-12-28 11:07:22
Балқаш қаласы жалпы білім беретін № 5 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі К.Ш. Махашова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.М. Имангалиеваның ұйымдастыруымен, 8 «А» сынып оқушысы Жұмағали Мерұланның отбасы мен Мұрат Сұлтан облыстық «Бір отбасы-бір кітап» жобасы аясында, ZOOM платформасында, Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасынан сахналық қойылым көрсетті . Облыстық жобаның мақсаты: Отбасындағы балалардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру арқылы, жанұямен кітап оқу дәстүрін жаңғырту, оқу мәдениетін қалыптастыру. Абай шығармаларын жұртшылыққа таныту, насихаттау,оқушылардың сөз өнеріне, ұлттық руханиятқа ықыласын арттыру. Қойылымның пердесін отбасының анасы- Окубаева Саягул Мавлитовна өз отбасымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тілеп, ашып берді. Ары қарай отбасы мүшелері сахналық қойылыммен жалғастырды.
Басты рөлдерді сомдағандар: Мерұланның әкесі- Касенов Ермурат Жумагалиевич , Филип патша рөлін, інісі - Жұмағали Ердәулет, Аристотель рөлін, Жұмағали Мерұлан, Ескендір рөлін сомдаса, кішкентай Бағдәулет патша нөкерінің рөлін сомдады. Сұлтан автор сөзін оқыды. Отбасы мүшелері поэманың мазмұнын аша отырып, адам баласының бұл жалғанда ештеңеге көзі тоймасы анық екенін, тек қара жер қойнауына кіріп, топырақ жамылғанда ашкөздігі толастап, сабасына түсетінін сахналық көріністері арқылы көпшілікке ой салды. Сахналық қойылымда отбасы мүшелері өздерінің актерлік шеберліктері мен орындаушылық қабілеттерін көрсете білді. Поэманың тақырыбы кеңінен ашылып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Облыстық жобаның қорытындысы бойынша, Жұмағалиевтар отбасы , 20 мектептің арасынан оза шауып, жүлделі үшінші орынды иеленді. Абайдың қара сөздері жинақ кітабы және алғыс хатпен марапатталды. Қала намысы мен мектеп намысы үшін облыстық жобаға қатысып, өнерлерін көрсете білген Жұмағалиевтар отбасына айтар, алғысымыз шексіз!