Размер шрифта:

«Түнгі рейд»

Дата: 2020-12-15 15:39:27
«Түнгі рейд»

Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2020 жылдың 11 – 12 желтоқсан күндері кешкі сағат 19.00 - 23.00 аралығында каникул уақытында түнгі рейд ұйымдастырылып, рейд жұмыстары жүргізілді.

Түнгі рейд шарасының басты мақсаты –  жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу.

Түнгі рейдтік іс –шарада қала көшелері  Желтоқсан, Сейфуллин, Молдагулова, Мира көшелері, ықшам аудандар, қала орталығы бойынша ойын сауық, кафе, дүкендерге  және бос жүрген жасөспірімдерге бақылау жүргізілді. «Улыбка», «Веснянка», «Мерей»  түнгі кафелер, Томпиева көшесінде орналасқан компьютерлік клуб және қасында орналасқан  «Калянная», көл жағасындағы жерлер араланды. Рейд кезінде  комьютерлік клубтардан кәмелетке толмаған мектеп оқушылары болған жоқ. Құқық бұзушылықтың алдын – алу мақсатында ZOOM платформасында оқушыларға онлайн кездесу ұйымдастырылып, «Түңгі рейдтің» негізгі мақсаты айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Рейдке қатысқан адамдардың жалпы саны: 20

Автор: №5 ОМ