Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Дата: 2020-12-08 12:36:10
Жасөспірімдер арасында құқықтық білім беру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында 9-11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында дәріс өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың құқық бұзушылығын алдын алу және құқықтық тәрбиесін арттыру.
Жасөспірімдерге ұрлық, қорқытып алу, қарақшылық, бұзақылық сияқты қылмыс түрлері туралы, сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік пен заңсыз әрекеттерді жасау үшін қандай санкциялар қолданылатынын айтып, оқушыларға қоғам мен өмірдегі мінез-құлық ережелерін, заңдарды қатаң сақтауға, мектептің мүлкін мұқият ұстауға кеңестер берілді.