"Қатігездіксіз және зорлық- зомбылықсыз балалық шақ" атты ақпараттық науқаны аясында ұйымдастырылған іс – шаралар ақпары
"Қоғамдағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ" атты акциясы ұйымдастырылды.
Мақсаты:Балалар мен ата-аналарды және ересектерді қоғамда кездесіп отырған балаларға қатысты зорлық - зомбылық пен қатыгездіктің зияны мен салдары туралы түсінік беру, талқылау.
Оқушыларға тақырыптық фото көрме ұйымдастыру арқылы өмірде туындаған қиындықтарды талқылауға, өз ойларын білдіруге үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой- өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру. Заңды сыйлайтын тұлғаны қалыптастыру.
"Қатігездіксіз және Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ" атты Республикалық ақпараттық науқаны аясында оқушыларға "Шұғыл құқықтық көмек желісі мен Ұлттық сенім телефоны" жұмысы туралы мәлімет берілді.
Мақсаты: Жалпы, тәулік бойы қызмет көрсететін «111» "150" сенім телефоны арқылы әлуметтік кеңес, психологиялық және заңгерлік көмек алумен қатар, бала құқықтарының бұзылу фактілері туралы шұғыл хабарласуға болатындығы туралы оқушыларға беріп, түсіндіру.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шакижанова Алма Конысбайевна "Бала және оның құқығы"тақырыбында дөңгелек үстел және педагог- псхолог Надирбекова Саягуль Балтабековна тренинг өткізді. Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адамның өз құқығын білуге, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2020 жылдың 09 – 20 қараша күндері кешкі сағат 19.00 - 23.00 аралығында түнгі рейд ұйымдастырылып, рейд жұмыстары жүргізілді.
Түнгі рейд шарасының басты мақсаты - өңірдегі жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу.
«Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» атты ата –аналармен онлайн семинар ұйымдастырылды.