Областной форум на тему: "Идентификация младших школьников с предметами в окружающей среде через распознавание геометрических фигур"
Дата: 2020-11-13 09:39:47
10.11.2020 ж математика пәнінен облыстық форум өтті. Форумға бастауыш сынып мұғалімі Арстаналиева Зауреш Ержановна қатыстым.
Тақырыбым: «Бастауыш сынып оқушылары геометриялық фигураларды тану арқылы қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру»
Мақсаты: Бастауыш сынып математика пәніндегі геометриялық материалдарды оқытудың тиімді жолдарын анықтау.
Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты, параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру.
Міндеттері:
Оқушыларға геометриялық материалдарды оқытудың ғылыми теориялық сипатын ашу;
Бастауыш мектеп оқушыларының геометриялық түсініктерін қалыптастырудың жолдарын қарастыру;
Бастауыш сыныпта геометриялық материалдарды оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін зерделеу.
Күтілетін нәтиже:
Егер бастауыш сыныптың математика пәнінде геометриялық материалдарды оқытудың тиімді жолдары пайдаланылса, онда:
1. Білім сапасы артады.
2. Геометриялық мазмұнды есептерді дәл шығаруға үйренеді.
3. Өз ойын еркін айтады
Бастауыш сыныпта оқитын бала әлі қоршаған ортамен танысу процесін бастан кешіруде болады. Сондықтан да ол өз болмысында байқампаз, зерек болып келеді. Сол қабілеттерін жетілдіріп, дамыту үшін түрлі әдіс - тәсілдер қолданып келемін.
Солардың бірі – геометриялық фигураларды таныту. Оларды қоршаған ортадан анықтай білу, сол білімдерін сабақта, күнделікті өмірде пайдалануға үйрету. Бұл бағыттағы білім білікті тек қана математика емес, барлық пән сабақтарында қалыптастыруға болады.
Қарапайым жаттығулар процесінде балаларды геометриялық фигураларды ажырату, анықтау, сызу, өлшемдерін таба білу дағдылары қалыптасып, геометриялық түсініктері дамып отырамын. Сондай - ақ балаларды математиканың бір бөлігі болып табылатын геометрияға деген қызығушылығы артып, қоршаған ортаны танып - білу, зерделеп үйренуге жетелеймін.
Менің мақсатым бастауыш сыныптан бастап оқушылардың жаратылыстану математика бағытына қызығушылығын ояту.