"Язык-богатство каждого народа»

Дата: 2020-09-22 11:44:51
Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған апталық
Тақырыбы: «Тіл- әр халықтың байлығы» 
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің кеңінен қол¬да¬нылуын насихаттау, тіл – тату-лықтың, достықтың тетігі, тәр¬биенің көзі, халықты бі¬ріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғын¬дыру.
Тіл апталығы 4 қыркүйек күні «Ұлттың ұлылығы – оның тілінде» атты виртуалды кітап көрмесі көрмесінен бастап ашылды. Осы күні барлық сыныптарда онлайн режимде Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне арналған сынып сағаттары өткізілді.
7 қыркүйекте 10-11 сынып оқушыларымен тарих пәнінің ұстаздары Мақыш Т.Т., Шакижанова А.Қ.  «Тілдің болашағы – ұрпақтың болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп, оқушылар тілдің мәртебесі жайлы ойларымен бөлісті. 
Осы күні “Enjoy your English!” cайысы өтті. Викторинаны ағылшын тілі пәне мұғалімдері мусина Айым Ерлановна мен Жаксыбеова  Асем Сабитовна жүргізді. Ағылшын мұғалімі Айдана Талғатовна  іс шарада төрелік жасап отырды. Викторина барысында Қазақстан және шетел елдері жөнінде қызықты сұрақтар қойылды. Іс- шараға екі сынып оқушылары да өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, белсенді қатысып отырды. Іс- шара соңында ерекше көзге түскен мына оқушылар алғыс хаттарымен марапатталды. 
8 қыркүйек  күні  ЖЖБ №5 орта мектебі   тілдер мерекесіне орай  қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Шаймерден Асем Маралқызының  ұйымдастыруымен  «Тіл және Тәуелсіздік»  тақырыбында  5  сыныптар арасында  мәнерлеп оқу сайысы  онлайн (ZOOM арқылы) өткізілді.  Сайыстың   мақсаты:  оқушыларды  өз  тілдеріне  құрметпен қарауды, қадірлеуді үйрету, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру.   Оқушылар мәнерлеп оқуға белсене атсалысты.  Оқушылар өлеңдерді   мәнеріне  келтіре орындап, көрермендер көңілінен шықты.  Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. 
Осы күні тарих пәнінің мұғалімі Талғатова Ғ.Т. «Тіл –татулықтың тірегі» атты танымдық сайыс өткізді. Сыныптан тыс танымдық сайысқа әділ-қазы болған  мектеп кітапханашысы: Махашева Көптілеу Шойынбаевна, әдістемелік бірлестік жетекшісі Адамбаева Бакытгүл Тарибаевна, ағылшын мұғалімі  Мусина Айым Ерлановна. Танымдық сайыс 5 кезеңнен тұрды. Әр бір кезеңде әділ-қазылар өз бағаларын беріп отырды. Оқушылар танымдық сайыста өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, танымдық сұрақтарға жауап берді. Сайыс аяқталғаннан кейін  5 кезеңі қорытындыланып, жеңімпаз сынып анықталды. Әділ-қазылар шешімі бойынша «6А» сыныбы  жеңімпаз болды. 
08 қыркүйекте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Ж.М.Имангалиева  9 «А», «Ә» сыныптарымен  «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» тақырыбында конференция өткізді. Мақсаты: Оқушыларға өз ана тілінің құдіреттілігін сезіндіру. Тілдің адам өмірі үшін мәні айырықша екенін ұғындыру. Тіл туралы тағылымдар арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу, азаматтық бейнелерін қалыптастыру, тілімізді сүюге, көздің қарашығындай қорғауға шақыру, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнері екенін саналарына сіңіру.  Оқушылар  туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы екенін айта отырып,  қоғамдық көліктерде, аялдамада, мәдени орындарда өз тілін шұбарлап, өзге тілде сөйлесетін жастардың  әрекетеріне мысалдар келтіріп өтті. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатқандығына тоқталды. Тәуелсіз елдің елдің  ұландарының  парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға болып қалыптасуына  мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор екені туралы айтылған ойларын айтты. Соңында  ақын  Қадыр Мырзалиевтың  «Тілім менің» атты өлеңі оқылды.     
9 қыркүйекте   қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Шаймерден Асем Маралқызының  ұйымдастыруымен  «Тіл –әр ұлттың ұлы анасы»  тақырыбында  6 Ә   сынып  оқушыларымен    танымдық кеш (онлайн ZOOM арқылы) өткізілді.   Кеш мақсаты- ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдің қоғамдық - әлеуметтік қызметін таныстыру, тіл мерейін көтеру болды.  Оқушылар кеште  тіл туралы  өлең-жырлар , мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтып, белсене қатысты..  Атап айтсақ , Алдаберлі  Айжан, Карамхан Шыңғыс, Асқартайқызы  Аружан ,Ермекова Зарина.  Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. 
10 қыркүйекте тарих пәнінің мұғалімі ZOOM платформасы арқылы «Туған өлкемнің тарихы сыр шертеді» танымдық кеш өткізді. Оқушылар Балқаш қаласының тарихы, әсем жерлерімен таныстырды. Қалалық мұражай жайлы толық ақпарат берді. 10 қыркүйекте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 10-11 сынып оқушылары арасында «Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңғыруы» тақырыбына  эсселер сайысын өткізді. Оқушылар эсселерін мұғалімінің электронды почтасына жіберді. Оқушылар эссе барысында қазіргі қоғамда латын әліпбиінің алатын орынын, әсерін басқа елдермен салыстыра отырып, ішкі толғаныстарын жеткізуге тырысты. 10А сынып оқушысы Русланқызы Баян жеңімпаз атанды.
10 қыркүйекте ағылшын, орыс, қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында үш тілде мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Оқушылар үш тілде өлең оқып, тіл білімдерін, өз өнерлерін ортаға салды.
Осы күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Ж.М.Имангалиеваның ұйымдастыруымен   8-сынып оқушылары арасында «Жеті жұрттың тілін біл»  танымдық ойыны   өткізілді. Ойын бірнеше кезеңнен тұрды. Әр кезеңде оқушылар өздерінің  үш тілде білімдерін көрсетті. Жылдам сөздерді үш тілге аудару, мақалдарды жалғастыру, жұмбақтар шешу, үш тілде сұхбаттасу өте тартымды, қызықты өтті. Соңында 8 «А» сынып оқушылары білімдері, жылдамдықтары бойынша басымдық танытып, жеңіске жетті.
11 қыркүйекте   тарих пәнінің мұғалімі Талғатова Ғ.Т.  7«А» сыныбымен «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» конференция өткізді.  Конференцияда  оқушылар қазақ тілдінің шығу тарихы жайлы әңгімелеп,  түрлі танымдық сұрақтарға жауап берді.
Осы күні  ZOOM платформасы арқылы 7 Ә сынып оқушыларымен ағылшын тілінің мұғалімі Мусина А.Т «We are the champions» ашық тәрбие сағаты өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: ағылшын тілін түсінуді үйрету;
алған білімдерін, дағдыларын нақты ситуацияда қолдана білу; ой-өрісін кеңейту; логикалық ойлауды дамыту; тілдік, зияткерлік, танымдық қабілеттерін дамыту болды. Іс -шараға 7 Ә сыныбы белсенді қатысып,  алғыс хаттармен марапатталды.
12 қыркүйекте ZOOM платформасы арқылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адамбаева Б.Т 7-сынып оқушылары арасында  «Тіл- ұлттың жаны»  мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат болуға, 
оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға баулу,  мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру болды.
Оқушылар сайыс барысында тіл  көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздермен танысып, мақал-мәтелдерді жалғастырып,  сөзжұмбақтар да шешті. 
Сайыс соңында 7А сынып оқушысы Жұмағұлова Дильназ жеңімпаз атанды.
   Сонымен қатар 12 қыркүйекке жоспарланған 9-10-сынып оқушылары арасында «Тіл жанашырлары» презентация байқауы өткізілмеді.
«Абай мұрасы- адамзаттың рухани қазынасы» қалалық Абай шығармаларын мәнерлеп оқу фестиваліне 11А сынып оқушысы Келдібек Нұрбол қатысып, «Бас жүлдені» жеңіп алды (жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адамбаева Б.Т)
Қазіргі таңда сандық сауаттылық – уақыт сұранысы, жаңа ғасырда өмір сүретін адамның ажырамас бөлшегіне айналып жатқаны бәрімізге аян. 
 Сондықтан осы оқу жылындағы іс-шаралардың  алғашқы легі - Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған апталығы қашықтақтан өткізілсе де, оқушылар технологиялық құралдарды тиімді пайдаланып,  белсенділік танытып, өздерінің сандық сауаттылықтарын танытты деп ойлаймын.
Автор: СШ №5